Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 294 адамға жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Алматы облысында коронавирус жұқтырған осымен 7 адам тікелді

30 наурыз сағат 12:45-тегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 294 адамға жетті. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы облысында тiркелді.

  • Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам;
  • Алматы қаласында – 73 адам;
  • Қарағанды облысында – 7 адам;
  • Ақмола облысында – 9 адам;
  • Атырау облысы – 12 адам;
  • Жамбыл облысында – 3 адам;
  • Шымкент қаласында – 2 адам;
  • Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам;
  • Алматы облысында – 7 адам;
  • Ақтөбе облысында – 2 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам;
  • Павлодар облысында – 1 адам;
  • Маңғыстау облысында – 1 адам;
  • Қызылорда облысында – 5 адам;
  • Батыс Қазақстан облысында – 2 адам.

Алматы облысында коронавирус жұқтырған науқас - Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының тұрғыны.

Облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, коронавирус инфекциясы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының 67 жастағы тұрғынынан анықталған. 29 наурызда ол КВИ белгілерімен Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылған, талдаулар оң нәтиже көрсетіп, азаматтың ауырғанын анықтады. Ер азамат карантин енгізілгенге дейін Алматы қаласында иық буындарының артритіне байланысты ем қабылдаған. Онымен байланыста болған екі адам анықталып, олар провизорлық стационарға карантинге жатқызылды.

Өкінішке қарай, қауіпті вирустан 1 адам көз жұмды. Ал, қауіпті дерттен айыққандар саны - 20 адам.