Қарағанды облысында саңырауқұлақ теруге кеткен әйел өлі күйде табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Осы уақытқа дейін одан ешбір хабар болмаған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орманға саңырауқұлақ теруге кеткен әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Вечерная Караганда» газетіне сілтеме жасап.

72 жастағы зейнеткер 20 қыркүйекте орманға кеткен. Осы уақытқа дейін одан ешбір хабар болмаған. Полиция мен арнайы құтқарушылар, ауыл тұрғындары мен туыстары зейнеткерді таба алмаған. Тек төрт күн өткен соң ғана кейуананың өлі денесі 8 шақырым жерден табылған.