Ақмола облысында білім беру саласындағы мемлекеттік сатып алу кезінде бірқатар заңбұзушылық анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Заңбұзушылықты анықтаған волонтерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлаған

Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысында білім беру саласындағы 32 мемлекеттік сатып алу кезінде волонтерлер бірқатар заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Аудандық білім бөлімдері балабақшалардың есебін жүргізетін бағдарлама сатып алуға конкурс жариялған. Мемлекеттік органдар, тапсырыс бойынша ақпарат көрсетпей, кәсіпкерлердің өтінім-хаттарына жауап бермеген. Конкурста қатысушылардың құқығы бұзылған. Заңбұзушылықты анықтаған волонтерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлаған. Енді сатып алу конкурсы қайтадан жарияланады. Биыл білім беру ұйымдары 20 рет мемлекеттік сатып алуды әдейі қымбат бағамен жариялаған.

 «Волонтер хабарлағаннан кейін біз бірден сол жарияланған мемлекет сатып алудың құжаттарын ішкі аудит департаментімен бірлесе тексере бастадық. Барлық 32 сатып алу бойынша заңбұзушылықтар расталды. Жарияланған конкурстар жойылды, енді сатып алу заңға сәйкес қайтадан жарияланады. Ал бұзушылықтарға жол берген кінәлі қызметкерлер тәртіптік және қызметтік жауапкершілікке тартылды», - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Жанат Тұрәлинов.