Ақтөбеде жекеменшік мектептің 1,5 мыңнан астам оқушысы оқулықсыз отыр

Автор: Azattyq Rýhy

Оқулықтардың қашан келетіні әлі белгісіз

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Ақтөбеде жекеменшік мектептің 1500-ден астам оқушысы кітапсыз отыр. Жаңа оқу жылының басталғанына 3 аптадай уақыт өтсе де, оқулықтардың қашан келетіні әлі белгісіз, деп хабарлады Azattyq Ruhy агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ал биыл салынған білім ұясы ресми түрде желтоқсаннда пайдалануға берілуі тиіс еді. Бірақ Батыс-2 тұрғындар алабындағы орын тапшылығынан мұнда сабақтар қыркүйекте басталып кеткен. Тиісінше, мұндай аяқасты өзгерістер оқулықтың тапшылығына әкелген.

Қазір мұнда 3 700 бала тегін білім алып жатыр. 2 мыңнан аса оқушы басқа мектептердің қорында бар кітаптармен қамтылған. 

«1 ай күтеміз. Өйткені оқулықтарға тапсырыс береміз, келісімшарт жасау керек. Олар басылу керек және оларды әкелу керек. Ол деген бірталай уақыт алады. Келесі жылы осындай жағдай болмайды. Себебі жеке мектеп өз қаражатын қарастырып, толығымен контингент анализ жасап, толығымен қамтылады», - деді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ләззат Ордабаева.