Соңғы рет ол Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымын атқарды
Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін 1 қыркүйек күні Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылған болатын.