Заңда бұл қарастырылған
Сенаттың жалпы отырысының кулуарында Мәдение және ақпарат вице-министрі вице-министрі Данияр Қадыров петиция жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Конституциялық, әкімшілік-аумақтық құрылымдар, шекара, одан басқа тіл мәселесі,конституциялық заңдар, сайлау және референдум, сот жүйесі, прокуратура туралы заңдар, арнайы қызметтердің қызметіне байланысты, мемлекеттік құпиясы бар мәселелер (петицияда – автор) қаралмайды. Сонымен қатар президент пен екі палаталы Парламент, Үкіметтің құзыретіне кіретін лауазымдарды тағайындау мен орындарын алу туралы мәселелер (петицияда) қарастырылмайды. Өйткені, ол конституциялық заңдар мен сайлау, референдум туралы заңдармен қарастырылады»,- деді Қадыров.
Еске салсақ, Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдары мақұлданды.