$ 495.95  524.37  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.09.2023, 20:45
Қоғам

Шетелдік көздерден ақша алып отырған қазақстандық азаматтар мен ұйымдардың тізімі жарияланды

Жарияланған деректер құпия мәлімет болып саналмайды

Шетелдік көздерден ақша алып отырған қазақстандық азаматтар мен ұйымдардың тізімі жарияланды
Фото ашық дереккөзден

Мемлекеттік кірістер комитеті биылғы бірінші жартыжылдықта шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құжатқа әр түрлі бағытта жұмыс істейтін 240 ұйымның атауы мен азаматтардың есімі енген.

Сонымен қатар шетелдік көздерден қаржы алатын тұлғалардың тізіміне Айнұр Коскина, Динара Егеубаева, Дмитрий Дубовицкий сияқты танымал журналистер кірген.

Шетелдік көздерден ақша алып отырған азаматтар мен ұйымдардың толық тізімін мына жерден көруге болады.

Ведомстводан мәлім еткендей, жарияланған деректер құпия мәлімет болып саналмайды.

«2018 жылдан бастап Салық кодексіне шет мемлекеттерден, шетелдіктерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарына есептілік беруі туралы талап енгізілді. 2022 жылы Салық кодексінің 29-бабына өзгеріс енгізілді, оған сәйкес Мемлекеттік кірістер комитеті өзінің интернет-ресурсында шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың тізілімін жариялайды. Бұл түзету азаматтардың мемлекетке де, үкіметтік емес ұйымдарға да сенімінің деңгейін арттыруға бағытталған. Аталған нормаларды іске асыру мақсатында Қаржы министрлігі тиісті Қағидаларды бекітті, тізілімде шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың атауы мен сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН) көрсетіледі. Салық кодексінің 30-бабына сәйкес салық төлеушінің атауы мен сәйкестендіру нөмірі салықтық құпия болып табылмайды», - деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен.

Серіктес жаңалықтары