Мәжілісте жаңа депутат сайланды

Автор: Аманалина Тоғжан

Ол «АМАNАТ» фракциясының қатарына қосылды

Фото: bestnews.kz

Бүгін жалпы отырыста депутат Вера Ким Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің құрамына сайланды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Ол депутаттық өкілеттігін тоқтатқан Ғалымжан Елеуовтің орнына Мәжілістегі «АМАNАТ» фракциясының қатарына қосылды.

Айта кетейік, кеше Орталық сайлау комиссиясы бос тұрған мандатты Вера Кимге беру туралы қаулы қабылдаған болатын. Ол 2021 жылдан 2023 жылдың қаңтарына дейін VII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болды.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ