«Шетелдік инвестордан ешкім ештеңе тартып алмайды»: министр «АрселорМитталТеміртау» жайлы

Автор: Аманалина Тоғжан

Қанат Шарлапаев инвесторлардың ҚР заңнамасын сақтауы керегін айтты

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМитталТеміртау» компаниясының төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол кеніштегі қайғылы оқиғаға қарамастан, «шетелдік инвестордан ешкім ештеңе тартып алмайтынын» айтады.

Министр шетелдік инвесторлар қызметкерлер мен жұмысшылардың қауіпсіздігіне қатысты талаптарды сақтауы керегін атап өтті.

«Қазақстанда ешкім шетелдік инвестордан ештеңе тартып алмайды. Біз Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторлардан Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын талап етеміз. Заңнамалық механизмге сәйкес – егер шетелдік инвестор компания қазақстандық нарықтан шығуға шешім қабылдаса, онда ол өзіндегі активті басқа инвестормен немесе Қазақстан Республикасымен сатып алу-сату шартын жасасады. Активтерді әлеуетті мемлекет меншігіне алудың қандай да бір тетігі туралы айту - біз оны Қазақстанда көрмейміз деп үміттенеміз. Өйткені бұл инвестициялық климатқа үлкен соққы болады», - деді Қанат Шарлапаев.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ