«Аптасына 5 рет сабақ аламын»: жаңа министр қазақ тілін меңгеріп жүргенін айтты

Автор: Аманалина Тоғжан

Қанат Шарлапаев Қазақстанға оралған қандас екенін айтты

Фото: gov.kz

Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қазақ тілін аптасына 5 рет оқып жүргенін айтты, деп хабарлдады Azattyq Ruhy.

«Қазір қазақ тілін меңгеріп жатырмын. Аптасына 5 рет мұғалімнен сабақ аламын. Мен ешқандай бөтен, өзге адам емеспін. Мен Қазақстанға қайтып келген қандаспын. Екіншіден, мен «Бәйтерек» холдингіне келгенде бір адамды өзгертпедім. Қандай әріптестерім болды «Бәйтеректе» олардың барлығы өзгеріссіз қалды. Министрлікте де солай болады. Мен вице-министрлерді өзгертпеймін. Олар жұмысты біледі, сол адамдармен бірлесіп жұмыс істейміз. Баспасөз хатшысы жаңадан келді. Себебі ИИДМ министрлігі екіге бөлінді, сол кезде бірқатар адам басқа министрлікке кетті. Вакансия ашық болды. Сол себепті баспасөз хатшы шақырылды», - деді Қанат Шарлапаев.

Еске салсақ, Қанат Шарлапаев Ресейдің Саратов облысында дүниеге келген.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ