Небәрі жеті мыңдай ғана адам тұратын Ырғыз ауылдық окургінде 476 жеке кәсіпкер бар
Ақтөбе облысының бір ғана ауылдық округінде 60 шаруа қожалығы бар. Ырғыз ауылдық округінде халық саны аз, жеті мыңға да жетпейді. Бірақ соған қарамастан окургке қарасты екі елдімекен де қарап отырған жан жоқ. Тұрғындар түрлі кәсіппен айналысады. Ауылдар келбеті биыл айтарлықтай өзгерген, ажарланған. Тұрғындар бұның себебін, талап-ұсыныстың айтылған күйде қалмай, жылдам орындалуымен байланыстырады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Халықтың проблемасын шешумен алыстағы ауылда әйел адам айналысады. Округтің әкімі Айымгүл Оразымбетова, биыл AMANAT партиясының қатаң қадағалуымен және талабымен алғаш рет ауылға қомақты қаражат бөлінгенін айтады.
«Ырғыз ауылдық округы бойынша ұзындығы 1,9 шақырым болатын Жүргенов көшесіне жөндеу жүргізілді. Ол орталықтағы маңызды көше. Ырғыз ауылындағы көлік қозғалысында өте маңызды 5 көшеге асфальт төселіп жатыр. Бұл жобаға 350 млн қаржы бөлінді. Жүргенов көшесін жөндеуге 105 млн ақша бөлінді. Одан басқа 37 млн теңгеге 9 көшенің жарығы тартылды. Ырғыз ауылы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Жаңадан үйлер салынып жатыр», - деді Ақтөбе облысы Ырғыз ауылдық округінің әкімі Айымгүл Сейілханқызы.
Ырғыз ауылдық окургінде халық саны 6 865 адам. Ақши, Қалыбай ауылдары да қарайды. Округте 60 шаруа қожалығы, 550 шағын кәсіпкерлік субьектілері бар. Небәрі жеті мыңдай ғана адам тұратын өңірде 476 жеке кәсіпкер бар. Округтегі ең үлкен мәселе – су қоймасының әбден тозуы. Ақши және Жарқын дамбалары күрделі жөндеуді қажет етеді.
«Ескірген, су кетіп қалады. Соған биыл қайта жөндеуге едәуір қаражат бөлінді. Оның да халыққа пайдасы зор болмақ. Суды сақтап қалсақ, сол жердің шөбі шүйгін өсіп, жайылымға жақсы болады. Бұл да ауылдық округтегі жоба деп есептейміз. «Ауыл аманаты» бойынша Ырғыз ауылдық округінде 2,5 пайызбен несиені алып кәсібін дөңгелетіп отырған адамдар бар. Наубайхана ашылды, жылыжай салынды. Қазан айынан бастап қызанақ пен құлпынай өсіріле бастайды. Одан басқа «Ауыл аманаты» жобасы аясында құс шаруашылығын дамытамыз деп бірсыпыра тұрғындарымыз несие алды. Қазіргі таңда қаз, тауық, үйректерін алып, жұмысын бастап кетті. Екі кәсіпкер тігін цехын ашып, жұмысын жүргізіп отыр. Көшені сәндеп жарықтандыруға да қаржы бөлініп жатыр. 120 метрлік телемұнарамызды сәндейміз. Кіреберістегі Кенесары даңғылы және Құлымбетов көшелеріне RGB жарықтандыру - жүргізіп тұратын оттар, light box-тар ілінеді. Жол, жарықтандыру жобалары АMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілген. Партия жағынан қадағалау да қатты. Жақында жарықтандыру жұмыстарын бітірген кезде депуттаттар әр көшеге тоқтап тексерді. Халықтан түскен ұсыныс, арыздарды дереу шешуге талап қояды. Ұсыныс жылдам орыдалса, ауылдың жағдайы да жақсара түседі», - деді округ әкімі.
Ауыл тұрғындары бір-бірлерінің қажеттіліктерін толықтай өтеп, кәсіптің түр-түрімен айналысып келеді. Халық сән салоны, көлік жөндеу, ас мәсірі, азық-түлік алу сынды сан түрлі қызмет түрлерін іздеп қалаға сабылмайды.