54 бас жылқы қолды болған
ШҚО полицейлері құны 43 млн теңге болатын 54 жылқыны ұрлаған Абай облысының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлан ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне шаруа қожалығы иесінің туысы 54 бас ірі қара мал ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді. Ол сағат 23:00-ден таңертеңгі 6:00-ге дейін ауданның бір ауылының еркін жайылымынан белгісіз адам оның таңбаланған бір табын жылқысын алып кеткенін хабарлады.