Қазақстанда қылмыс деңгейі 15,2%-ға төмендеген

Автор: Мира Байбек

Прокурорлар 57 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатты

belmarket.by

Қазақстанда қылмыс деңгейі 15,2%-ға төмендеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бас прокуратура дерегінше, былтырғы жылмен салыстырғанда қылмыс саны 116 101-ден 98 454-ке дейін азайған. Оның ішінде :

  • 4,1%-ға (1 693 - 1 624) – аса ауыр қылмыстар;
  • 16,5%- ға (31 128 - 25 990) – ауыр қылмыстар;
  • 17,9%-ға (49 762 - 40 857) – ауырлығы орташа қылмыстар;
  • 9,8%-ға (17 514 - 15 793) – онша ауыр емес қылмыстар.  

Тергеуді қадағалау шеңберінде прокурорлар 57 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатты. Сондай-ақ прокурорлар 671 адамды қызметтік үй-жайлар мен изоляторлардан босатты.

«Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 14%-ға қысқарды, 9 тұлға прокурорлар актісімен ақталды», - делінген ведомство келтірген статистикада.