Мемлекет басшысы бүгін Тәжікстанға жұмыс сапарымен барады

Автор: Azattyq Rýhy

25 тамызда Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келген еді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 қыркүйекте Тәжікстанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Сапар аясында Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады», делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.