Асқар Забикулиннің құрметіне мурал салынады

Автор: Azattyq Rýhy

Марқұм-құтқарушының бейнесі қай түрғын үйге салынатыны нақтыланды

«Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, елордадағы тұрғын үй өрті кезінде адамдарды құтқарған Асқар Забикулиннің құрметіне мурал салуды жоспарлауда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Муралды Астанадағы Тілендиев даңғылы, 16 мекенжайындағы қасбетке салу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта бұл мәселе тұрғын үй тұрғындарымен келісу сатысында.