Атырауда достарымен бірге балық аулауға кеткен ер адамның мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Іздеу жұмыстарына полицейлер, ТЖД қызметкерлері және Ұлттық ұланның 80 сарбазы жұмылдырылды

Атырау облысы полиция 10 қыркүйек күні достарымен балық аулауға кетіп үйіне оралмаған, 1987 жылы туған Ербол Құсайыновтың өлі денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мәйіт Жайық өзенінен 13 қыркүйек күні сағат 9:30 шамасында балық аулады деген жерден 50 метр қашықтықта анықталып, табылды.

Алдын-ала болжам бойынша, жоғалған ер адам суға батып кеткен. Мүрдеге сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Осыған дейін Атырауда 10 қыркүйек күні 36 жастағы ер адам достарымен бірге балық аулауға кетіп, сол күйі үйіне оралмағанын жазған едік.