Заң жобасы жер қойнауын пайдалануда әкімшілік шығындарды қысқартуды көздейді
Мәжілістің жалпы отырысында Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов заң жобасы жайлы баяндама жасады, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Мәжіліс Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне жер қойнауын пайдалану саласын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
«2023 жылғы 29 наурызда VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламенттің қазба ресурстарын тиімді және үнемді пайдалану, заңнаманы жақсарту және осы саладағы рәсімдерді оңайлату бойынша нақты шараларды әзірлеу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ 2023 жылғы 1 қыркүйекте ел президенті «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында біздің ресурстарға бай елімізде ұзақ уақыт бойы маңызды геологиялық жаңалықтар болмағанын атап өтті», - деді ол.
Ұсынылған заң жобасы қарастырады:
Атап айтқанда Заң жобасының негізгі ерекшеліктері ол:
«Жалпы заң жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді, сонымен қатар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің реттеуші шарттарын жақсартуға мүмкіндік береді», - деді ол.
Өз кезегінде депутаты Еділ Жаңбыршин заң жобасының негізгі мақсаты көмірсутектерді геологиялық барлаудың инвестициялық тартымдылығын арттыру және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде әкімшілік шығындарды қысқартуды қарастыратынын айтты.
«Заң жобасымен жер қойнауын пайдаланушыға дайындық кезеңі ішінде ұңғымаларды бұрғылауға, консервациядан шығаруға, кен орнын игерудің бекітілген жобасы негізінде объектілерді опробациядан және сынақтан өткізуге рұқсат беру бойынша өзгерістер енгізіледі. Заң жобасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға ол сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізіп, барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап үш жылдан кешіктірмей тиісті өтініш берген жағдайда келісімшарттық міндеттемені орындамағаны үшін айыппұл төлемей барлау кезеңінде ұңғыманы бұрғылаудан бас тарту құқығы беріледі. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауының барлық учаскесінен бас тарту туралы өтініш берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасын бекіту және ұсыну, базалық жобалау құжаттарына тәуелсіз сараптама ұйымдастыруға және жүргізуге арналған шығындарды өтеу жөніндегі міндеттемелері де көзделген», - деді Жаңбыршин.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ