«AMANAT» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындардың шағымы тыңдалды
«AMANAT» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде 26 шілдеде Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылының тұрғыны Ровшан Козбакарова мен оның жолдасы Рзабек Кыдырбаев өтінішпен келген. Олар қазіргі таңда жұмыссыз екенін, жағдайы өте төмен екенін айтты. Қалалық мәслихат депутаты Житек Муханов тұрғындарды қабылдау барысында бұл отбасының жағдайына ерекше назар аударды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Нәтижесінде, тұрғынның өтінішіне сәйкес жолданған депутаттық сауал бойынша Кыдырбаев Рзабек «Өзен Қойма» ЖШС-не әр түрлі қызмет бойынша жұмысқа орналасты.
Сондай-ақ «AMANAT» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Құқықтық көмек» акциясы аясында Жаңаөзен қаласының заңгері Жәумітбай Жұмабике Есболқызы тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берген болатын.
Акция аясында Айманова Алтын Кошбаевна жолдасымен заң жүзінде ажырасқан. Алайда жолдасы балаларына алимент төлемеген. Заң аясында алимент алудың жолын сұраған болатын.
Нәтижесінде, Айманова Алтын Кошбаевнаның өтінішіне сәйкес, алимент алу жолдарын заң аясында түсіндіріп, балаларына белгіленген алиент мөлшері бойынша ай сайынғы алимент алуда.
«AMANAT» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалына Рахат ауылы, Мерей шағын ауданы тұрғындары қоғамдық көліктің жетіспеушілігі туралы мәселе айтты. Аталған мәселе бойынша тұрғындардан түскен өтініштер бойынша әр депутатқа бөлініп, орындау бойынша тапсырмалар берілді. Нәтижесінде, тұрғындардың өтінішіне сәйкес, Жапарова Раушан Өтелгеновна тиісті шаралар қабылдап, №11 маршрутына қосымша автобустармен қамтамасыз етілді», - делінген хабарламада.
Авторы: Сымбат ҒАЛЫМЖАН