«Жағдайы ауыр»: Маңғыстауда көпқабатты үйдің ортасына құлаған жасөспірім есін жиды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 8 қыркүйек күні сағат 22:45 шамасында болған

Ақтаудағы 16-шағынаудан 59-үйдің шатырынан көпқабатты екі үйдің ортасына құлаған 17 жастағы бала есін жиды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының реаниматолог-дәрігері Мереке Бекбаевтың айтуынша, баланың жағдайы ауыр.

«Баланың жағдайы - ауыр, тұрақты. Есін жиып, комадан шықты. Қазіргі таңда аппараттан алынып, өзі демалып жатыр», - дейді дәрігер.

Оқиға 8 қыркүйек күні сағат 22:45 шамасында болған. Зардап шегуші облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген болатын.