Президент Жарлығымен 2013 жылдан бастап әр қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні мерекесі атап өтіледі
Астанада Отбасы күніне орай Көктал саябағында жүгіру марафоны ұйымдастырылды, деп хабарлады Azattyq Ruhy елорда әкімдігінің ресми сайты.
Президент Жарлығымен 2013 жылдан бастап әр қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні мерекесі атап өтіледі. Осы орайда мерекеге орай, алғаш рет «Koktal run» жүгіру марафоны өтті. Бұл іс-шарада 3 жас ерекшелігі бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Бүгінгі іс-шарамызды Отбасы күніне орай ұйымдастырып жатырмыз.
Осы мақсатта жүгіру спортын таңдадық. Қысқа қашықтық болғандықтан, кез келген тұрғынның қатысу мүмкіндігі болды. Аталмыш сайысқа қаламыздың 200-ден астам әуесқой спортшысы қатысты. Отбасында дұрыс тәрбиені бойға сіңіруіміз қажет.
Жүгіру – соның көрінісі. Ата-ананың жүгіргенін көріп, бала да салауатты өмір салтын ұстанатыны анық», – деп Сарыарқа ауданының маманы Дамир Хисматуллин өз пікірін білдірді.
Жеңімпаздар:
5 шақырым. Ерлер:
5 шақырым. Әйелдер:
16 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Ұлдар.
2 шақырым.
16 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Қыздар.
1 шақырым.
Марафон жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және бағалы сыйлыққа ие болды.