Қазақстан теннисшісі Таиландтағы турнирдің жартылай финалына шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан теннисшісі Григорий Ломакин Накхонситхаммаратта (Таиланд) өтіп жатқан ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Қазақстан теннисшісі Григорий Ломакин Накхонситхаммаратта (Таиланд) өтіп жатқан ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ломакин жергілікті спортшы Максимус Джонспен тізе қоса отырып, корей-жапон дуэті Сон Йонг Хан мен Тайсей Ишикаваны екі сетте 6:3, 6:2 есебімен ұтып кетті.

Алдында қазақстандық теннисші жекелей сында да жартылай финалға шыққан болатын.

Айта кетсек, 25 жастағы Қазақстан теннисшісі бүгінгі таңда АТР-дың жұптық сыны бойынша әлемдік рейтингте 322-орында тұр.