Жолдаудағы бастамалар өңдеу өнеркәсібін дамытуға сеп болады – Мәжіліс депутаты

Автор: Аманалина Тоғжан

Мұқаш Ескендіров жаңа өндіріс орындарының ашылуы өңдеу өнеркәсібіне тың бастама береді деп санайды.

Фото: parlam.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Мұқаш Ескендіров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біз осы уақытқа дейін мектеп салдық, аурухана салып жатырмыз, жол салып жатырмыз. Бірақ мынау жаңа өндіріс орындарын салу біздің мемлекеттік тұрғыда болған жоқ. Сондықтан Президентіміз келесі үш жылдың ішінде кем дегенде 15 өндірістік жоба іске асыруымыз керек деп отыр», - деді Ескендіров.

Мәжіліс депутаты Жолдаудағы осындай бастамалар өңдеу өнеркәсібіне тың бастама береді деп санайды.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында жұмысқа өзіміздің шикізатты, тауарлар мен кадрларды, басқаша айтқанда, барлық ішкі мүмкіндіктерімізді пайдалану қажеттігін айтқан еді.

«Біз жаңа өнеркәсіп саясаты арқылы жаңаша даму үлгісіне көшуге тиіспіз. Мемлекет ірі кәсіпорындармен бірлесіп, өндірістің барлық сатысы өз елімізде болуын қамтамасыз етуі керек. Ол үшін өндіріс саласын реттейтін және ынталандыратын түрлі тәсілдерді қолдану қажет. Өңдеу өнеркәсібі шикізатты көңілге қонымды бағамен жеткілікті көлемде алуы керек, - деген еді Президент.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ