Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, елден шығарылды
Көші-қон қызметінің қызметкерлері Алтай қаласының 40 жастағы тұрғыны наурыз айында Ханты-Мансийск автономиялық округінде Ресей Федерациясының азаматтығын алғанын, бірақ тиісті мемлекеттік органдарды хабардар етпегенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Әйелдің Қазақстан азаматтығынан айырылу рәсімінен өтпегені анықталды.
«Ресейлік әйелден ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспорты тәркіленді. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, елден шығарылды» ,-деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.