Мәжілісте педофилдерді өмір бойына қамау мәселесі ұсынылады – AMANAT депутаты

Автор: Аманалина Тоғжан

Оларды зарарсыздандыру мәселесі де қаралмақ

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Мәжіліс отырысының кулуарында депутат Асхат Аймағамбетов Мәжіліске ұсынылатын заң жобалары жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында балалардың құқығын қорғау бойынша бастамалар болды. Біз бірнеше заң жобаларын дайындап келесі немесе осы аптада Үкіметке қорытындыға жібереміз. Қазір жалпы жұмыс мәресіне жетіп қалды. Соның ішінде өте маңызды нормалар бар. Біріншіден, педофилдердің өмір бойына бас бостандығынан айыру мәселесі бар. Бұдан басқа олапрды тиісті зарарсыздандырудан өткізу бастамасы бар. Қазір кейбірі өтеді, кейбірі өтпейді. Мұның алдында қамалғандар бостандыққа шығатын болса, міндетті түрде зарарсыздандырудан өткізу мәселесін қарау керек деп санаймыз», - деді Аймағамбетов.

Ол атағандай, мемлекет тарапынан буллинг мәселесіне сұранысты қатайту керек.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ