Баланың ата-анасына әкімшілік хаттама жасалды
Әлеуметтік желілерде Ақтауда жеті жасар баланың көппәтерлі үйдің 4-қабатының терезесіне шығып, анасын дауыстап шақырған видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 32а шағын ауданындағы үйлердің бірінде болған. Ақтау қаласының полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған 7 жасар баланың ата-анасының жеке басын анықтады. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Сондай-ақ балаларды қауіп-қатерге қалдырмау үшін ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді