Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 125 адамға жетті
27 наурыз сағат 14:20-дағы жағдай бойынша Павлодар облысында бір азаматтың COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды. Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 125 адамға жетті.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 61
- Алматы қаласы – 48
- Қарағанды қаласы – 4
- Шымкент қаласы – 2
- Жамбыл облысы – 3
- Алматы облысы – 1
- Ақтөбе облысы – 1
- Солтүстік Қазақстан облысы – 1
- Атырау облысы – 3
- Павлодар облысы - 1
Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирустан бір әйел адам көз жұмды. Сондай-ақ қауіпті індеттен айыққан екі адам үйіне шықты.