Зерттеулердің бағыты барлау мен инновациялық технологиялар саласында болмақ
Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Асылхан Бибосынов Еуропалық одақтың зерттеу бағдарламасы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«Тұрақты дамудың біз және болашақ ұрпақтың өміріндегі стратегиялық маңызы зор. Қазақстан және Еуропалық одақ (Ұлыбритания, Германия) арасында критикалық металдар бойынша үкіметаралық келісімі үлкен мәнге ие. Horizon Europe бағдарламасы университеттер мен ғылыми орталықтарға барлау қызметін зерттеуге және әлеуетін кеңейту мен өңдеу технологиясын дамытуға мүмкіндік береді»,- деді ол.
Бибосынов атағандай, халықаралық ғылыми-технологияларды дамытуда халықаралық тәжірибе өте маңызды.
«Технологиялық қажеттіліктерді түсіну біздің бағдарламаларды саладағы қажетті қаржылық бағдарламалармен байланыстырды. Horizon Europe бағдарламасы университеттер мен ғылыми институттарға өзара ынтымақтастық, серіктестік орнатуға мүмкіндік береді», - деді ол.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ