Таразда пәтерден өрт шығып, ломбард пен дүкенді шарпыды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің алдын ала себебі анықталу үстінде

Таразда 31 тамызда сағат 17.59-да бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy өңірдің ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызыл жалын одан әрі бірінші қабаттағы ломбард пен дүкеннің шатырына ұласты. Өрттің ауданы - 40 шаршы метр.

«Өрт сөндіру қызметінің күшімен өрт 18-19-да оқшауланып, сағат 18-28-де толық жойылды. Өртті сөндіру барысында баспалдақ арқылы 30 адам эвакуацияланды, оның ішінде 13 бала бар. Өрт орнынан түтіннен улану белгісі бар пәтер иесі табылып, ауруханаға жеткізілді», - деді Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің алдын ала себебі анықталу үстінде.

Тегтер: