Денсаулық сақтау министрі Қарағанды ​​облысындағы уланған балалардың жағдайы туралы айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан келген 14 баланың бесеуі қазір ем қабылдап жатыр

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жұмыс сапарымен Қарағандыда болып, облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында уланған балалармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Ажар Ғиният облыстық клиникалық аурухананың жұқпалы аурулар орталығына барып, зардап шеккен балаларға медицина көмегі қалай беріліп жатқанын тексерді.

«Қарағанды ​​облысындағы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан келген 14 баланың бесеуі қазір ем қабылдап жатыр. Оң динамикасы бар балалар ерте реабилитациядан өтіп жатыр», - делінген министрлік таратқан хабарламада.