Қызылорда облысының полицейлері ауаға қарудан оқ атқан азаматты ұстады

Автор: Azattyq Rýhy

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: Zakon.kz

Оқыс оқиға 29 тамыздан 30 тамызға қараған түні Тереңөзек ауылында болғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Құқық бұзушы аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Сонымен қатар бейнежазбадағы көлік иесі де анықталды. ІІО-ның есебінде жоқ газды қару тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр», делінген полиция хабарламасында.