2001 жылғы М. есімді азамат ұсталды
Алматыда көшеде бейтаныс қыздың бөксесінен сипап өткен мопед жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Наурызбай аудандық полиция басқармасына 25 жастағы қыз арызданған. Айтуынша, мопед мінген белгісіз ер адам оны қорлаған.
«Күдікті бірден анықталды. 2001 жылғы М. есімді азамат ұсталды. Оның әрекеті ӘҚбтК-нің 434-бабымен сараланды», - делінген хабарламада.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқықбұзушы кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.