$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.08.2023, 12:02
Қоғам

Атырау тұрғындары 11 күн бойы ыстық сусыз отырады

Мұнайлы шаһарда ыстық су беруді уақытша тоқтату алғаш рет емес

Атырау тұрғындары 11 күн бойы ыстық сусыз отырады

Атырау облысының энергетикалық кешені баспасөз қызметінің мәліметінше, ыстық су беруді уақытша тоқтату жөндеу жұмыстарымен байланысты болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Атырау қаласында 4-15 қыркүйек аралығында ыстық су беру тоқтатылады. «Атырау жылу жүйелері» АҚ күрделі жөндеу жоспарының кестесіне сәйкес қалада жылу пункттерінен магистральды жылу құбырларымен ыстық су беруді толық тоқтататынын, хабарлайды. Осыған байланысты уақытша туындаған қиындықтар үшін кешірім сұраймыз», - деп хабарлады энергетикалық кешеннің баспасөз қызметі.

Мұнайлы шаһарда ыстық су беруді уақытша тоқтату алғаш рет емес. Жаз айларында ыстық су беру бірнеше рет тоқтатылды. Мұның бәрінде де жылу пункттеріндегі жабдықтарды тексеру, күрделі жөндеу себебі алға тартылды.

Сондай-ақ, кәріз коллекторындағы ақаудан бір шағын аудан сусыз қалған еді.

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Балықшы шағын ауданындағы кәріз коллекторында ақау анықталған. Осыған байланысты аталған шағын ауданда 20 шілдеге қараған түні сағат 00:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылды.

Сондай-ақ, шағын ауданындағы апатты қалыпқа келтіру жұмыстары кезінде Қожақаев көшесінде орналасқан №21, Бейбітшілік көшесінің №62 мекенжайдағы көппәтерлі үйде электр жарығы уақытша ажыратылды.

Серіктес жаңалықтары