Ғиният Көкшетауда сарбаздардың жаппай ауруханаға түсуіне қатысты пікір білдірді

Автор: Аманалина Тоғжан

Олар инфекциялық ауру жұқтырған

Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Көкшетаудағы сарбаздардың инфекция жұқтыруына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгінгі таңда Ақмола облысының әскери бөлімшесінде 45 сарбаздың инфекциялық ауру жұқтырғаны тіркелді. Олар инфекциялық стационарға орналастырылды. 41 науқас қазір ауруханада жатыр. Бір науқас жансақтау бөліміне түсті, бүгін оның жағдайы жақсарды. Олардан менингококк инфекциясы мен энтровирус инфекциясы анықталды. Маусымдық инфекция жүріп жатыр», - деді ол.

Министр атағандай, олармен байланыста болғандар тексерілді.

«Симптомдары барлар оқшауланды. Жаңа тұлғалар оларға жіберілмейді. Барлығы бақылауда»,- деді Ажар Ғиният.

Авторы: Аягөз Құрмаш