Бірнеше аймақта ауа райы тұрақсыз болады

Автор: Azattyq Rýhy

Жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнауы мүмкін

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 29 тамызына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста таулы аймақтарда – жаңбыр, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі деп күтілуде», - деді синоптиктер.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соққан жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +23+25°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +27+29°С.