Жетісу облысында ауыл тұрғындары жолдың жөнделгенін атап өтіп, дастархан жайды

Автор: Azattyq Rýhy

Кейбірі көшесі жөнделсе дәл осылай дастархан жасайтынын мәлімдеді.

Жетісу облысындағы Бақтыбай ауылының тұрғындары асфальт төселгенінің құрметіне дастархан жайған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Astana.tv-ға сілтеме жасап.

Видеодан көшенің ортасына қойылған үстелге ауыл тұрғындарының азық-түлік әкеп жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары ауыл тұрғындарын құттықтап, асфальттің дастархан жаю үшін керемет себеп болғанын атап өтті. Сондай-ақ кейбірі көшесі жөнделсе дәл осылай дастархан жасайтынын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды тұрғындары көшелеріне асфальт төселгенін атап өтіп, дастархан жайған еді. Ал түнде отшашу атқан.