Қызылорда маңындағы тасжолда жол апатынан үш адам қаза болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр

Фото: kaz.zakon.kz

Қызылорда маңындағы тасжолда жол апатынан үш адам қаза болды, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

28 тамыз күні сағат 12:15 шамасында Қызылорда - Павлодар А17 тас жолының 120-шақырымында жеңіл автокөлікпен КаМАЗ жүк көлігі соқтығысқан. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.