«500 мың теңге айыппұл салынды»: Ақтөбеде үйлену тойының кортежі жол ережесін бұзды

Автор: Azattyq Rýhy

Көліктер айыппұл тұрағына қойылды

Ақтөбеде үйлену тойының кортежі жол қозғалысы ережелерін бұзды. Жедел басқару орталығының  камералары ережеге бағынбаған Lexus 570, Toyota Prado, Lada Priora және Hyundai автомобильдерін анықтады, декп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жүргізушілер ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі, 601-бабының 1-бөлігі, 230-бабы, 590-бабының 2-бөлігі, 590-бабының 7-бөлігі, 612-бабы, 602, 606, 614-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көліктер айыппұл тұрағына қойылды. Құқық бұзушыларға 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.