Өңірде жерді мақсатты түрде пайдалану мониторингі жүргізіліп жатыр
Батыс Қазақстан облысында 16 аграрлық кәсіпорынның жерді мақсатсыз пайдаланғаны расталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.
Жанғала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаев ауданның жалпы көлемі 2 миллион гектарды құрайтынын, оның 1,7 млн-ы жайылымдық жерлер екенін айтты
«Барлық ауылдық жерлерде мал басының көбеюіне байланысты жалпы 334 мың гектар аумақта жайылымдық жердің тапшылығы туындады. Тұрғындар қажеттілігін өтеу үшін біз 12 мың гектар жерді резервке алдық. Жақында 500 гектар жерді мемлекет мұқтаждығына шығару туралы шешім қабылданды. Қазір біз екі мың гектарға жуық жерді қайтарып алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», - деді әкім баспасөз мәслихатында.
Алпамыс Көшкінбаев облыста жерді нысаналы мақсатына сай пайдалану мониторингі жүргізіліп жатқанын атап өтті. Осы тексерулер барысында аталған ережені бұзған 16 ауыл шаруашылығы кәсіпорны анықталды.