Қырғызстанда қар жауды

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар, елдің таулы аймақтарында да қар жаууы мүмкін

 

Фото: ru.sputnik.kg

Қырғызстанның Нарын облысында қар жауды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Kaktus Media сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, «Қырғызгидромет» өкілдері 27 тамызда күндіз және 28-29 тамызда Қырғызстан аймағында күн салқындайтынын ескерткен. Сонымен қатар, елдің таулы аймақтарында қар жауады.