Оқыс жағдайдың мән-жайы анықталуда
Қарағанды облысында көмір өндіретін «Саран» шахтасында өрт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«2023 жылы 27 тамызда сағат 01:55 шамасында «Саранская» шахтасында өрт болып, апатты жою жоспары іске асырылды. Өрт КӘТКҚ бөлімі күштерімен сөндірді. Барлық жұмысшылар жер бетіне шықты. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себептері мен мән-жайы анықталу үстінде», деп мәлімдеді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-тың баспасөз қызметі.