Шымкентте 14 жастағы қыздың бауырынан 9 сантиметр құрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Жасөспірім 21 тамызда ауыр халде түскен

Шымкентте дәрігерлер 14 жастағы қыздың бауырынан 9 сантиметр эхинококк құртын алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy аймақтық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

Жасөспірім 21 тамызда ауыр халде түскен. Асардағы балалар ауруханасының қабылдау бөліміне іш ауруы симптомы мазалаған баланы ата-анасы қабылдау бөліміне әкелген.

Дәрігерлер пациентті рентген, компьютерлік томография тексеруінен өткізіп, бауыр тұсынан эхинококк кистасын анықтаған. Жедел түрде науқасқа ота жасалған.

«Эхинакокк кистасы анықталған соң баланы отаға дайындадық. Операцияны 22 тамызда жасадық. Баланың бауырына лапароскопия аппаратымен яғни ота тіліксіз жасалынды. Бұл операцияның ерекшелігі эхинококк кистасын 9,4 сантиметр және 8,1 сантиметр көлемді эхинакокк құрты шықты. Бала отадан кейін реанимацияда бақылауда болып, келесі күні палатаға ауыстырылды», - делінген хабарламада.