Тамара Дүйсенова сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен, теологтармен мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
2023 жылғы 24 тамызда Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен, теологтармен мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.
«Кездесу барысында еліміздегі қазіргі діни ахуал, конфессияаралық келісімді нығайту бойынша алдағы шараларды қабылдау, сондай-ақ алға қойылған міндеттерді шешу жолдары қарастырылды», делінген 26 тамызда Үкімет сайтында жарияланған хабарламада.