Тағы 132 миллион теңге жыл соңына дейін өтелмек
Шығыстағы Риддер қаласының тұрғындарына жылу ақысын артық төлегені үшін 160 млн теңге қайтарылды. Тағы 132 миллион теңге жыл соңына дейін өтеледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті өткен жылыту маусымындағы қызмет құнын қайта есептеді. Нәтижесінде, «Риддер жылу энергия» орталығына халықтың 292 млн теңгені артық төлегені анықталған, деп жазады qazaqstan.tv.
Бүгінде орталықта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан бүкіл қала бойынша мамыр айынан бері ыстық су өшірілген.