Шахтада өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда
Бүгін, 24 тамызда Қарағандыда Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен «Қазақстан» шахтасындағы өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссияның кеңесі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, Сырым Шәріпханов тартылған сарапшыларды қажетті материалдармен, жобалау-техникалық құжаттамамен қамтамасыз етуді тапсырды.
Шахтада өрт ошақтарын сөндіру және авариялық учаскеде гипс бөгеттерін салу жұмыстары әлі жүргізіліп жатқаны да нақтыланды.