Тамара Дүйсенова осыған қатысты арнайы тапсырма берді
Премьер-министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Тамара Дүйсенова жаңа жүйе жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ол университет оқытушыларының жалақысы мәселесін көтерді.
«Мен сіздердің жалақы мәселелеріңіз туралы білемін. Ол лайықты болуы керек деп санаймын. Жалақыны төлеудің жаңа жүйесін енгізу қажет. Министрлік әр ұйымның ерекшелігіне қарай бейімделетін еңбекақы төлеудің үлгілік жүйесін әзірлеуі керек», - деді Дүйсенова форумда.
Вице-премьердің сөзінше, еңбекақы төлеу жүйесі енгізілгеннен кейін оның грант бағасына қалай әсер ететінін есептеу керек.
Тамара Дүйсенова министрлікке және университет ректорларына ЖОО-лардың оқытушыларына төлейтін еңбекақының жаңа схемасын әзірлеуді жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.