Еліміздегі ЖОО-ларда 626 мың студент оқиды
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ЖОО-лар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Еліміздегі 119 ЖОО-да 626 мың студент оқиды. Демографиялық жағдай жыл сайын өзгеріп жатыр. Қазір жатақханаларда 19 мың орын тапшылығы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жаңа оқу жылына дайындықты жүргізіп жатырмыз», - деді ол.
Жатақхана тапшылығы мен олардың жағдайы қазір күн тәртібінде өзекті мәселкнің бірі болып отыр. AMANAT партиясының депутаттары мен «Жастар рухы» жастар қанаты елорда мен өңірдегі жатақханаларға рейд жүргізіп жатыр.
Авторы: Аягөз Құрмаш