Магистратураға білім грантын жеңіп алғандардың тізімі жарияланды

Автор: Аманалина Тоғжан

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды

Фото: https://www.freepik.com/

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2024 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды.

Білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 14 612 адам қатысты. Оның 8 359-ы грант иегері атанды.

Грант тізімімен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.