Ол нан бағасы екінші жыл қатарынан арзандап жатқанын айтты
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда нан бағасының көтерілуі мүмкін бе деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Тілшілер сауалына жауап берген министр әзірге ұн мен нан өнімдерінің қымбаттауына алғышарттардың жоқ екенін мәлімдеді.
«Нан бағасы екінші жыл қатарынан арзандап келеді. Әрине, бидай құны белгілі бір қиындықтар туғызып жатыр. Дегенмен қазіргі уақытта біз бидай бағасын тұрақтандыру үшін барлық шараны қолданып жатырмыз. 15 қыркүйекке дейін азық-түлік келісімшарт корпорациясы сатып алу бағасын жариялап қалуы мүмкін», - деді Е. Қарашөкеев.
Министр ұн мен нан өнімдерінің бағасын көтеруге негіз жоқ екенін тағы бір қадап айтты.
«Тұтынушылар тұрғысынан алғанда, жағдай тұрақты болып тұр», - деді ол.