Қостанай облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған шетелдік азамат ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Фото: ашық дереккөзден

2023 жылғы 13 тамызда Қостанай облысында көші-қон жұмыстарын ұйымдастырумен заңсыз айналысқан шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ҰҚК департаменті және облыстық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Оңтүстік Азия мемлекеттерінің төрт азаматы үшін заңсыз көші-қон ұйымдастырды деген күдікпен шетелдік азаматты ұстады. Қылмыстық кодекстің 394 бабының 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.

2023 жылдың басынан бері Қостанай облысының аумағында 32 шетелдік ұсталды.