Ақтөбеде 26 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап, мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол алған жарақаттарынан жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды

Ақтөбеде қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

18 тамыз күні жедел басқару орталығына көпқабатты үйдің балконынан қыздың құлағаны туралы хабар түсті.

Полиция қызметкерлері тоғыз қабатты үйдің 7-қабатының балконынан секірген 26 жастағы қыздың мәйітін тапты.

Ол алған жарақаттарынан жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.